Дұрыс ағзаны қалыптастыру жолдары

Негізгі екі бағыт

Ағзадағы жылдар бойы жиналған түрлі диагноздардың пайда болуына себеп болатын факторлар мен туа бітті пайда болған генетикалық жолдармен берілген зиянкестерден тазарту.Ағзаны түрлі ара өнімдері мен табиғаттағы шипалы, емдік қасиеті бар шөптер мен тамырлардан жасалған төл өнімдерімізбен тазарған ағзаны қуаттандыру.

Барлық ем-шаралар тек 100 пайыз табиғи өнімдер мен зиянсыз табиғи тәсілдермен жүргізіледі.

Осы екі бағытта емделгенде кез келген дертке шалдыққан ағза қалпына келіп, жылдар бойы шаршаған ағза азықтанып, ішкі құрылыс оңалады. Салбыраған сыртқы терілер мен түрлі безеу, жаралар кетіп, нәтижесінде адам биологиялық жасынан едәуір жас көріне бастайды.

Әлемде баламасы жоқ, инновациялық тәсілдермен емдейтін аталмыш екі бағыт іске асып, практикамызда осы күнге дейін спортта жасы мен әліне қарай шектеліп қалған қаншама спортшылардың ағзалары тазарғанда қуаттанып, қайта топқа қосылып әлемдік жеңімпазға дейін жеткендері – біздің мақтанышты дәлелдеріміз. Бала көтере алмай отбасы бақытын сезіне алмағандардың қаншамасы мықты денсаулықпен ерекше туылған балаларды көріп, жұмыстарымыздың нәтижесінде Алла берген шипаның ләззатын сезіну бақыты ерекше. Өте ауыр диагноздағы кісілердің жүзден астамы бұл тазалау тәсілдеріміздің жемісін қуана айтып жүргендері жұмысымызға шабыт сыйлайды. Оның көрінісін бір ем алған кісінің артынан бірнеше таныстарының келіп: «мен де ем алсам деп едім» — деген ықыластарынан көріп келеміз.    

Жанға бататыны – шетелге барып, емделіп орасан зор шығындалып жатса, енді бірі үйлерін сатып, баспанасынан айрылуда. Кейде халықтан ақша жинап, шетелге барып, ағзасының тек бір ғана мүшесін емдетіп жатқан, ал, жазылмағандары одан әрі денсаулығын құртып келіп жатқан адамдар… статистикасы қапы қалдырады. Басты байлық — денсаулық болғаннан кейін оған да қадам баспасқа, себебін жасамасқа болмайды, әрине.
Осы ретте мұндай дерттерді Жаратушы мейірімімен ағзадан тазалаудың зор жолын тауып, көп жылдар бойы нәтижеге еріп келеміз. Шетелден керісінше бізге келіп емделіп, ем таппай келген шетел азаматтары да жоқ емес. Сөзге тиек етпегіміз мақтан емес, жетістіктерімізді көрсетіп, халқымызды үлкен шығынға батырмай, қымбат уақытын жоғалтпай, шетел асып денсаулығын ауырлатып алмай, дер кезінде дертінің шипасын көрсе екен деген ниет.